Әзімбай Ғали: Қазақтың көп бөлігі Ресей теледидарының ықпалында

28

Бізге қазақ саяси ұлтжандылығы керек. Қазақ саяси ұлтжандылығын қолдамай егемендіктің негізін қорғау мүмкін емес. Бұл туралы саясаттанушы Әзімбай Ғали фейсбукте жазды, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Ресей Украинаның Қырымын тартып алды. Украинаның Шығыс өлкелерінде-Донбаста-Луганск пен Донецк қалаларында Ресейшіл украиналық сепаратистер жайлап алған.

«Украинаның Шығыс өлкелеріндегі-Донбас-Луганск Ресейшіл сепаратистерді қолдап Ресей оларға қару жарақ пен танкілерді жіберді. Украинаның басына келген сабағы: орысшылдық пен ресейшілдік»,-дейді ол.

Сонымен қатар ол Қазақстанның қазағы қазақтанып келе жатқанын, тек 9% балаларын орыс мектебіне беретінін айтады.

«Яғни орыс тілді қазақ азайып келеді. Бірақ әлі де қазақтың көп бөлігі Ресейдің теледидарының ықпалында. Бізге қазақ саяси ұлтжандылығы керек. Қазақ саяси ұлтжандылығын қолдамай егемендіктің негізін қорғау мүмкін емес. Қазақтың саяси элитасы әлі орыстілді, сондықтан орысшылдық қауіпі тек Украинада ғана емес Қазақстанда да ықпалды. Егемендік идеясының негізі – ұлтжандылықта екенін айтамыз. Сондықтан Қазақ тілді теледидар ұлттық құндылықтарға басымдылық берсе»,-дейді саясаттанушы.