Ұйғырлар наразылық акциясын өткізді

0
477

Коммунистік Қытайдың Ұйғыр Елінде ( Шиңжаң Ұйғыр Автоном Районында ) түркі мұсылмандарына жүргізіп жатқан қуғын-сүргін саясатына қарсы Брюссельде бейбіт наразылық акциясы өтті деп хабарлайды еркін ақпарат көздері.

Еуропарламент ғимаратының жанындағы Шуман алаңында Дүниежүзілік ұйғыр конгрессінің шақыруы бойынша бір неше мың адам жиналды.

Дүниежүзілік ұйғырлар конгрессінің құрметті президенті Рабия Қадыр, дүниежүзілік ұйғыр конгрессінің басшысы Долқун Иса, тағы басқа ұлттық қозғалыс басшылары наразылық акциясына қатысты. Шеруге қатысушылар «Əділдікті талап етеміз!», «Геноцидты тоқтатыңдар!»ұрандарымен,» Ұйғырларды құтқарыңдар»,» Ұйғырларға қарсы геноцидті тоқтатыңдар» деген плакаттарды алып шықты. Ереуілге қатысушылар негізсіз ұсталған мұсылмандарды босатуға, сондай-ақ ұйғырлардың мəдениетіне, дініне,тіліне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға шақырды.


Акцияны ұйымдастырушылар миллионға жуық ұйғыр азаматы Қытайда түзеу-концентрациялық лагерьлерде жатқандығын мəлімдеді. Шерушілер Қытайдың бұл аймағына делегация Еуроодақтың арнайы өкілдер жіберуін сұрады.

Abai.kz