Ауылшаруашылығы министрлігі Шөкеевтің алаяқтыққа қатысты мәлімдемесін тексеруде.
Ауылшаруашылығы министрлігі Шөкеевтің алаяқтыққа қатысты мәлімдемесін тексеруде

ҚР Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров елдегі ауылшаруашылық техникаларын шығаратын өнеркәсіптерге қатысты мәселеге пікір білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Үкімет отырысының соңында Бұқаралық Ақпарат Құралдарына Ауылшаруашылығы министрлігі өкілінің мәлімдеуінше ведомство бұл мәселе төңірегінде жұмыс істеуде, сонымен қатар «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен келіссөз жүргізіп, министрлік ішінде аталған жағдайды талқылап жытыр.

« Қазір мұның бәрін талқылап жатырмыз. Бұл сұрақты «Атамекенмен» де талқыладық. Отандық машинажасау саласын қандай жағдай бомасын қолдау керек. Шетелдік ауылшаруашылығы техникасы бойынша да сұрқтар бар. Баға жылдан жылға өсіп жатыр. Мемлекеттен қолдау бар. Осыған қарамастан біз оларды (бағаны) өсірмейміз. Ведомствода бұл жағдайды тексеріп жатырмыз», – деп мәлімдеді Үкімет отырысының соңында Айдарбек Сапаров журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.

Ал “Ауылшаруашылығы министрлігі машинажасаушыларды алаяқтыққа айыптаудың негізі бар деп есептей ме?” деген сұраққа Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі ведомствода бұл мәселені тексеріп жатқандығын ғана айтты.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың 25 шілдесінде Түркістан облысында өткен аудандық шарада бұрынғы Ауылшаруашылығы министрі, қазіргі облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев Қазақстанның машинажасаушыларын «фермада ақша тапқысы келетін алаяқтар» деп айыптаған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.