01-08-19 | 17:47
Алматы облысы әкімшілігі: Қонақ үйден Алакөлге құйылған су бассейннің суы (видео).
Алматы облысы әкімшілігі: Қонақ үйден Алакөлге құйылған су бассейннің суы (видео)

Алакөлдің Алматы облысына қарайтын жағалауында демалушылар көлге «Көктем Гранд» демалыс үйінен шыққан су құйылып жатқанын байқап, оны виедоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл оқиға жұрт ішіне тез тарап, желі қолданушыларының назарына дереу ілікті.

Оқиғаға қатысты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі оқиғаға байланысты комиссия құрылғанын айтып, мәлімдеме таратты. Онда: “Комиссияның ақпараты бойынша сорғыштан аққан су ешқандай хлорсыз, таза бассейннің көлден алынған суы екені анықталған, қазіргі кезде суды ағызу тоқтатылған. Су соратын сорғыш дәл сол уақытта істен шыққандықтан, ішке алынуы тиіс су керісінше кері қайтқан” делінген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.