01-08-19 | 21:57
Назарбаев Тоқаевтың жұмысына баға берді.
Назарбаев Тоқаевтың жұмысына баға берді

Қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, елбасы Н.Назарбаев президент Тоқаевтың және үкімет пен парламенттің жұмысына баға берді.

“Президенттік өкілеттігімді тоқтатқалы бірнеше ай өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет және ел Парламенті үйлесімді әрі біріңғай жүйеде жұмыс істеуде. Қазір біз саяси және экономикалық салалардағы ортақ мәселелерді шешуді көздеп отырмыз”, – деді Назарбаев  Тұңғыш Президент – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдау кезінде.

Қабылдауда Исекешев қордың қазіргі жұмысы, сондай-ақ әлеуметтік және білім саласындағы түрлі іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы айтып, талантты жастарды қолдауға бағытталған «Ел Үміті» жобасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қамқорлық» жобасы сияқты жаңа бастамаларды таныстырған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.