12-08-19 | 18:38
Тележүргізуші Дана Нұржігітова сенат депутаты болып тағайындалды.
Тележүргізуші Дана Нұржігітова сенат депутаты болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында ауыс-түйіс болып, бірқатар депутат қызметін босатып, жаңа депутаттар тағайындалды және кей депутаттар қайта сайланды. Жаңа депутаттардың арасында танымал тележүргізуші Дана Нұржігітова бар, ал Дариға Назарбаева сенат депутаты болып қайта сайланды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.
“Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед; Андрей Иванович Лукин; Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева; Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен; Дана Өмірбайқызы Нұржігітова; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов тағайындалды” деп хабарланған ақпарат көзінде.
Ал Сергей Николаевич Громовтың; Георгий Владимирович Кимнің; Дулат Рашитұлы Қосдәулетовтің; Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.