13-08-19 | 16:28
Атамбаевқа жаңа айыптар тағылуда.
Атамбаевқа жаңа айыптар тағылуда

ҚР ЭКС-президенті Алмазбек Атамбаевқа 7-8 тамыздағы Қой-Таштағы жағдайға қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында жаңа айыптар тағылуда, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігінен (Қыр ТАГ). 
«Бүгін Атамбаевқа айыптар тағылды. Ұйымдастырушы ретінде Атамбаевқа ҚР ҚК баптарымен қарастырылған бірқатар қылмыс бойынша айыптар тағылды – «Билік өкіліне қатысты қауіп немесе зомбылық», «Прокурор, тергеуші, тергеу органының өкілетті лауазымды тұлғасының қызметіне кедергі келтіру», «Жаппай тәртіпсіздік», «Адам өлімі», «Адам өлтіруге оқталу», «Кепілге алу», «Заңсыз қару-жарақ айналымы», – деп мәлім етті ҚР бас прокуроры Откурбек Джамшитов сейсенбідегі баспасөз мәслихатында. 
Ол нақтылағандай, 7-8 тамыздағы Қой-Таштағы жағдай бойынша қылмыстық істің тергелуі ҚР президенті Сооронбай Жээнбековтың жеке бақылауында. 
Бас прокурор растағандай, Атамбаевтың мүлкі қамауға алынған, қамауға алынған мүлік тізімі 120 тармақтан тұрады. 
Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ұсталып, ҚР мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) тергеу изоляторына қамауға алынды.
Еске салсақ, 7 тамыз күні кешкісін Шу облысы Аламадун ауданы Қой-Таш ауылында Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция басталған еді. Атамбаевтың жақтастары қарулы қарсылық танытқан, жалпы 40-тан астам адам зардап шеккен. Арнайы жасақ жауынгерінің біреуі оққа ұшты. Шу облысы МІІБ бастығының жағдайы ауыр халде қалып отыр. 
Жағдайға түсінік берген ҚР президенті Жээнбеков, «егер кешегі күнге дейін Атамбаевты тергеушіге куәгер ретінде шақырса, енді оған аса ауыр қылмыс бойынша күдікті ретінде қарайтын болады» деді.
Жогорку Кенеш 27 маусымда Атамбаевты экс-президент және қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырды. Оған депутаттық комиссия қорытындысы негіз болды. Олар Атамбаевқа алты тармақ бойынша айып тақты, оның бесеуін бас прокуратура мақұлдады. 
Атамбаевты бес эпизод бойынша жауап алу үшін ұстауға тырысуда: заңдағы ұры А.Батукаевты босату дерегі бойынша; Қой-Таш ауылында Атамбаевтың үйі орналасқан жер теліміне қатысты; экс-президенттің салықтық декларациясы бойынша; «Бішкек қаласының ЖЭО жаңғырту» жобасын дайындау, қол қою және жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық; Бішкек ЖЭО-ға заңсыз көмір жеткізуге және «Рассвет Компани» мен «Прогресс Компанидің» қосылуына Атамбаевтың қатыстылығы дерегі бойынша.
Атамбаевтың өзі тағылған айыптардың бірде-бірін мойындамады және оны ұстауға тырысқан жағдайда қорғануға ниетті екенін мәлімдеді. «Менің атыма жазылған қаруым бар», – деп мәлім етті Атамбаев.
Атап өтелік, Атамбаев үш рет түсінік беруден бас тартқан.

Дереккөз: ҚазТАГ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.