13-08-19 | 17:31
Жәйремдегі қақтығысқа байналысты сотқа дейнгі тергеу басталды.
Жәйремдегі қақтығысқа байналысты сотқа дейнгі тергеу басталды

Қарағынды облысы Жәйрем кентінде жергілікті жұмысылар мен шетелдік азаматтар арасында 12 тамызда болған қақтығысқа қатысты полиция мәлімдемесі жарияланды.

Мәлімдемеде қақтығыс “тұрмыстық негізде” деп бағаланған. Жайрамда жағдай тұрақты, полицияның бақылауында делінген.

“Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қазіргі уақытта Жәйрем ауылындағы жағдай тұрақты және ол полиция органдарының бақылауында. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды”, – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сенсек, жанжал салдарынан кен-байыту комбинатының бірнеше жұмысшысы жеңіл жарақаттар алған, оларға медициналық көмек көрсетілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.