20-08-19 | 14:17
Ерлан Бекқожин “Хабар” арнасының басшысы болып тағайындалды.
Ерлан Бекқожин “Хабар” арнасының басшысы болып тағайындалды

Белгілі журналист Ерлан Бекқожин “Хабар” телеарнасының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін 2009 жылдан бері президент телерадиокешенін басқарып келген еді.

Ол – журналист, заңгер. Отандық БАҚ саласының ірі топ-менеджері. ҚазМУ-ді , Орталық Азия университетін бітірген.  Қазақ радиосының “Панорама дня” жаңалықтар бағдарламасында жургізуші, Қазақ теледидары жаңалықтар бағдарламасынң комментаторы, бас редактордың орынбасары, “Хабар” агенттігі жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі, “Хабар” агенттігі “Жеті күн” ақпараттык бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі , ОРТ-дағы “МИР”, МТРК “Вместе” бағдарламасының жүргізушісі, МТРК “МИР”-дің ҚР бөлімшесінің директоры,  2003 жылы ЖШС “Литер-Мedia” бас директоры, “Литер” және “Айқын” газеттерінін редакциялық кеңесінің төрағасы.  2009 жылдан Президенті Телерадиокешенінің бас директоры болып қызмет етті.

“Алтын Жұлдыз” жүлдесінің “Жылдың үздік журналисі” иегері (1996 жылы); Ресей Журналистер одағы сыйлығының (1997 жылы) және Қазақстан Журналистер одағы (2000 жылы) сыйлығының иегері; Халықаралық телекинофорумның дипломанты (2000 жылы). ҚР Журналистика академиясының академигі (2001 жылы).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.