29-08-19 | 11:29
Бүгін Нұр-Сұлтанда Назарбаев атындағы сыйлық табысталады.
Бүгін Нұр-Сұлтанда Назарбаев атындағы сыйлық табысталады

Бүгін Нұр-Cұлтанда “Назарбаев атындағы ядролық қарусыз әлем және дүниежүзілік қауіпсіздік” сыйлығы табысталады. Оған бірінші президент, елбасы Н.Назарбаев қатыстады. Бұл туралы елбасының баспасөз хашысы Айдос Үкібай хабарлады. 

 

Сыйлық ядролық қаруды таратпауға және әлем қауіпсіздігінің нығаюына үлес қосқан қоғамдық-саяси тұлғаларға беріледі. Сыйлық екі жылда бір рет 29 тамыз, яғни Семей ядролық полигоны жабылған және ядролық сынақтарға қарсы күрес күні беріледі.

Сыйлық иегерлерін марапатты табыстау бойынша комитет анықтайды. Комитет төрағасы президент Тоқаев, хатшы – бірінші президент қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев. Комитет мүшелері: Мұхтар Құл-Мұхаммед, Владимир Школьник және басқалар.

Сыйлық 2016 жылы 10 қазанда тағайындалған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.