29-08-19 | 13:51
Ұлттық кеңес мүшесіне куәліктің керегі жоқ екен.
Ұлттық кеңес мүшесіне куәліктің керегі жоқ екен

Кеше Нұр-Cұлтанда президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алдын ала отырысы өтті. Отырысты президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев жүргізді. Жиынғы қатысқан кеңес мүшелері онда қандай мәселе көтергендерін әлеуметтік желілерде жарыса жазды. Мәселен, белгілі журналист, “Қазақстан барысы” жобасының негізін қалаушы Арман Шораев кеңестің саяси реформалар тобы кеше Алматыда құрылған азаматтық коалиция мүшелерімен кездесіп, ортақ ұсыныстарды талқылауға дайын екендіктерін жазды.

Сондай-ақ, Шораев кешегі кеңес отырысында кеңес мүшелеріне берілген куәліктің өзіне керегі жоғын да жұртқа жария етті.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің тағы бір мүшесі Бақытжан Бұқарбай кеңес жиынында қандай мәселелер сөз болып, өзінің қандай ұсыныстар айтқанын парақшасында тәптіштей жазып, жариялады.

Кеңестің енді бір мүшесі Мұхтар Тайжан кеңес отырысы о бастағы құрылған мақсатына сай ашық өтіп, халық жиынды тікелей эфирден көре алатындай жағдай жасалуы керектігін жазды.

Осылайша, қыркүйектің 6 күні өтеді деп жоспарланып отырған кеңестің негізгі жиынына қатысты мүшелердің дайындығы басталып кетті. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.