29-08-19 | 15:09
“”Елбасы” сөзі қазақ тіліне, қазақ ұғымына мүлдем жат, дүбара сөз”.
“”Елбасы” сөзі қазақ тіліне, қазақ ұғымына мүлдем жат, дүбара сөз”

“Достар, осы бір сәт “Елбасы” сөзінің этимологиясына назар аударайықшы?!

Қазақ әдебиеті мен тарихында бұрын-соңды қолданылмаған бұл сөз өткен он жылдықтарда орыстың “Глава Государства” сөз тіркесінің қазақша баламасы ретінде қолдан жасалды, яғни, калька-сөзжасам. Кейін осы кальканы қайтадан орысшаға аударып, “Лидер Наций” деген қойыртпақ бірдеңені тауып алдық.

Айтайын дегенім, қазақ тіл білімінде осынша сәтсіз жасалған, осындай ұсқынсыз сөз кездестірген жоқпын.

Гәптің бәрі бұл сөздің жасалуында:
Қазақ тіл білімінде аналитикалық-семантикалық жолмен жасалған бұл сөздің бірінші буыны жіңішке, ал екінші буыны жуан болғандықтан, сингармонизм заңына бағынбай тұр. Қазақ тілінің басты заңдарының бірі – сингармонизм заңы бойынша, егер сөздің алғашқы буыны жуан болса, кейінгі буындары да жуан болуы керек, сәйкесінше, алғашқы буыны жіңішке болса, кейінгі буындары да жіңішке болады. (Шет тілдерден кірген “кітап” сияқты кірме сөздер ғана бұл ережеге бағынбайды, бірақ, ол сөздердің өзі ауызша айтылғанда, “кітәп” болып айтылып, қазақ тіліне барынша кірігіп кеткен.)

Сондықтан, бұл сөзді айтқанда не Е(і)лбәсі деп немесе Е(ы)л(басы деп айту керек болады. Біздің шенеуніктер, әрине, екінші вариантын таңдайды, сөйтіп аяғы аспанда (балконды айтам) салбырап туған шалақазақтардың аузымен айтылғанда, бұл сөз қазақ тіліне, қазақ ұғымына, қазақ дүниетанымына мүлдем жат, дүбара сөз болып шығады…”

Уайс Ерсайынұлы

Жазба автордың фейсбук парақшасынан алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.