02-09-19 | 14:44
Құқыққорғау жүйесін реформалауға 173 млрд теңге бөлінеді – Қ. Тоқаев.
Құқыққорғау жүйесін реформалауға 173 млрд теңге бөлінеді – Қ. Тоқаев

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің Қазақстан халқына Жолдауында Ішкі Істер Министрлігін реформалауға 173 млрд теңге бөлінетіндігін хабарлады.

“Ең негізгі мәселелердің бірі құққорғау жүйесін толыққанды реформалау болып отыр.

Мемлекеттің күш-құрылымдық құралы ретіндегі плиция бейнесі біртіндеп өткеннің еншісінде қалады. Азаматтарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету қызметін ұсынатын органға айналады.

Бірінші кезеңде, 2020 жылға дейін міндетті түрде Әкімшілік полиция комитеті қызметін қайта ұйымдастыру керек. Оны науқан сияқты емес, сапалы жасау керек.

Полиция жұмысының эффектілігі полиция жұмысының беделіне байланысты.

ІІМ реформалауға алдағы үш жылда 173 млрд. теңге жұмсалады.

Бұл қаражат жалақыны өсіруге, баспана жалдау, ХҚКО принципімен жұмыс істейтін полициялардың заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалады”, -деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.