04-09-19 | 12:42
Жаңаөзен әкімі ауысты.
Жаңаөзен әкімі ауысты

Бүгін, 4 қыркүйекте Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты. Жаңа әкім болып Ибрагимов Мақсат Оңғарбайұлы тағайындалды. Ол бұған дейін “ӨзенМұнайГаз” АҚ-да басшылық қызметтер атқарған.

Осыған дейін Жаңаөзен әкімі  Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы болды.

Еске салсақ, 2-3 қыркүйек күндері Жаңаөзен қаласында тұрғындардың митингісі өтіп, жүздеген адам қала орталығындағы алаңға жиналған. Олар Қазақстанға Қытайдың 55 кәсіпорынының салынуына қарсы. Кеше, 3 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі мен Жаңаөзен қаласының әкімдері наразы топпен кездесіп, Қытайдың 55 кәсіпорынының салынуы туралы ақпарат негізсіз екендігін айтқан. Алайда, тұрғындар әкімдердің сөздеріне сенбейтіндіктерін айтып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ресми хабарлауын талап етті. Бірақ президент әлі митингіге шыққан азаматтарға еш жауабын берген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.