Google мен YouTube балалардың жеке ақпараттарын рұқсатсыз алғаны үшін рекордты көлемде айыппұл төлейді.
Google мен YouTube балалардың жеке ақпараттарын рұқсатсыз алғаны үшін рекордты көлемде айыппұл төлейді

Федералды сауда коммиссиясы (FTC) және Нью-Йорк штатының прокуратурасы аталған компанияларға балалардың мәліметтерін ата-аналардың рұқсатынсыз жинағаны үшін 170 миллион доллар айыппұл тақты.

“Ата-аналардың рұқсатынсыз балалардың жеке мәліметтерін жинағаны үшін FTC және Нью-Йорк штатының бас прокуратурасы Google компаниясы және оның қосалқы YouTube компаниясына айыпты реттеу үшін рекордты соммада, яғни 170 миллион доллар көлемінде айыппұл салып отыр. “, – деп хабарлайды FTC.

Заң бойынша балаларға арналған онлайн-сервис пен веб-сайттар 13 жасқа толмаған балалардың жеке ақпараттарын алу үшін олардың ата-аналарын хабардар етіп, рұқсатын алуы керек делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.