05-09-19 | 12:36
Чжан Сяо: Естерің дұрыс па?.
Чжан Сяо: Естерің дұрыс па?

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Жаңаөзенде және тағы төрт қалада Қытайдың Қазақстанда салынатын зауыттарына қарсы акция өткізгендерге қатысты пікір білдірген. Бұл туралы total.kz хабарлайды.

“Митингілерде айтылған ойлар сондай аңғал әрі күлкілі. Бұл – үкімет мекемелерінің құзіреті мен кәсібилігіне күмән тудырады. Мен тек “естерің дұрыс па?” деп сауал тастағым келеді”, – депті елші.

Сондай-ақ елші 55 зауыт туралы сыртқы істер министрлігінің брифингінде айтылғанын әр жобаның мемлекеттік сараптамадан өтетінін де тілге тиек еткен. Және 55 жобаның мысалы ретінде қайта жаңғырған Шымкен мұнай өңдеу зауытын атаған. Елшінің айтуынша, зауыт совет өкіметінен бері жөндеу көрмей әбден ескіріп тұрған сәтінде екі елдің бірлескен жұмысының нәтижесінде зауыт қайта жаңғырған екен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.