06-09-19 | 13:00
Ермұрат Бапи: Партияның тағдыры осымен аяқталды ма деп қорқам.
Ермұрат Бапи: Партияның тағдыры осымен аяқталды ма деп қорқам

Жалпыұлттық социал демократия партиясының төрағасы Ермұрат Бапиға партияның республикалық жиыны кезінде сенімсіздік танытылып, партиядан шығарылды.

– Мұндай қитұрқылық пен қиямпұрыстық жағдай менің азаматтық ұстанымы сай келмейді. Партия шешімімен мені партиядан шығарып тастады. Партияның тағдыры осымен бітті ме деп қорқам, – деді Ермұрат Бапи.

ЖСДП елдегі жалғыз тіркелген саяси оппозициялық партия. Партияны ұзақ жылдан бері Жармахан Тұяқбай басқарды. Биыл көктемде партия төрағасы болып Ермұрат Бапи сайланған еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.