Кешелі бері біраз адам дұрыс айтып жатыр: кешегі мейрам мемлекеттік идеологиялық аппараттың ойсырай жеңілуі болып табылады!

Жылдар бойы айтып келген идеологиялық конструкциялардың парша-паршасы шықты. Елімізде КСРО-ны аңсаушылар, Кремльдің жымысқы саясатын жүргізушілердің көптеп жүргенін айқын байқадық.

Біз ресейшіл емеспіз, тек аталарымызды еске алып жүрміз дегендер «жолақтар» мен «марштардың» Кремльдің сценариемен, өз жақтастарын жинау, оларға пәрмен беру, ел билігі мен қоғамына күш көрсету мақсатында жүргізіліп жатқанын айқын түсінетін кез келді. Бұның бәрі де ойыншық емес!

Осы жыл ішінде жаңа саяси және ақпараттық тұжырымдама жасап, бекітіп, оны келесі жылдан іске асырмасақ, болашақта Ресей білгенін жасап, ел азаматтарын өз мемлекетіне айдап салатын жағдайға жеттік.

Айдос Сарым, саясаттанушы

Дереккөз: Айдос Сарымың Facebook парақшасы