Жұмыс сұраған Маңғыстау тұрғындары жолға отырып алды.

30 маусым, 2022 / Arasha.kz

Маңғыстауда ауыл тұрғындары жұмыс тауып беруді  талап етіп, жолды жауып тастады.

 

Желіде тараған жолды жауып тұрған ауыл халқының әрекетін жергілікті әкімдік былай түсіндірді.

«29 маусым күні сағат 18.20-да Жетібай мен Мұнайшының 30-ға жуық жұмыссыз тұрғыны мұнай секторына жұмысқа орналастыруды талап етіп, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орнына баратын жолды жауып тастады», – деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Қарақия ауданы әкімдігінің өкілдері жиналғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Оларға жұмысқа орналастыру жалпы кезек бойынша жүргізілетіні хабарланды. Кезектен тыс жұмысқа орналастыру басқа үміткерлерге жасалған әділетсіздік болады”, – делінген хабарламада.

Әкімдік ауданда жыл басынан бері 366 жұмыс орны ашылғанын, бұл мақсатқа 2022 жылы өңірлік жоба аясында 180 миллион теңге бөлінгенін баса айтты.