10-09-19 | 15:32
Назарбаев: Мұрагерлеріме өзім бастаған істі жалғастыруға көмектесем.
Назарбаев: Мұрагерлеріме өзім бастаған істі жалғастыруға көмектесем

Елге мәлім, экс-президент, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 7 қыркүйекте Ресейге сапарлады. Ол кісіні әуежайдан Ресейдегі елші Иманғали Тасмағамбетов және прьемер-министр Асқар Мамин күтіп алды.

Сол сапар барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президенті В.Путинмен кездесті. Ресей президентінің ресми сайты Назарбаев пен Путиннің өзара әңгімесін қысқаша жария етіпті. Екі жақ екі ел арасында қалыптасқан өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастарды сөз еткен. Әңгіме кезінде елбасы: “… Қазір мен президент емеспін, бірінші президент, экс-президент және белгілі бір міндеттері бар ұлты көшбасшы дәрежесіндеін. Мемлекетімізді одан әрі нығайтып, мұрагерлеріме өзім бастаған, негізін салған істі жалғастыруға көмектесем” депті.

Нұрсұлтан Әбішұлы19 наурызда президент қызметінен өз еркімен кетіп, кейін кезектен тыс президент сайлауында Қ.Тоқаев президент болып сайланған. Тоқаев сайлау науқаны кезінде жариялаған бағдарламасында Назарбаевтың саяси жолын одан әрі жалғастыратын айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.