Ұшақ апаты: 14 адам қаза тапты, 17 адам өте ауыр халде жатыр.

26 желтоқсан, 2019 / Arasha.kz

фото: төтенше жағдайлар комитеті

Алматы қаласы әкімшілігінің таратқан ақпараты бойынша, Алматыда болған ұшақ апатынан 14 адам қаза болып, 17 адам өте ауыр халде ауруханада жатыр.

Ұшақта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

Сондай-ақ, жараланғандардың ішінде 8 бала бар. Апат орнында қалалық және облыс аудандарының жедел жәрдем, құтқару қызметті жұмыс істеп жатыр.