10-09-19 | 16:02
Қазақстанда қанша Қытай жұмысшылары бар?.
Қазақстанда қанша Қытай жұмысшылары бар?

Жаңаөзенде Қытайдың Қазақстанда салынатын зауыттарына қарсылық толастамай тұр. Өткенде вице-прьемер Жеңіс Қасымбек: “55 жобаның ішінде 3,9 миллиард долларға бағаланған 15 жоба ауыл шаруашылығы, металлургия, химия, мұнай-газ, көлік, логистика және басқа салаларда іске қосылды. Бұл 15 жоба аясында жаңадан ашылған 4 мыңға жуық жұмыс орнына тұрғандардың 95 пайызы – қазақстандықтар. Жалпы осы жобалар бойынша біз 20 мыңға дейін жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз” деген еді. Бірақ Қытай жобаларына қарсылық тоқтар емес. Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо: ““Митингілерде айтылған ойлар сондай аңғал әрі күлкілі. Бұл – үкімет мекемелерінің құзіреті мен кәсібилігіне күмән тудырады. Мен тек “естерің дұрыс па?” деп сауал тастағым келеді” деп қоғам сынына ұшыраған еді.

Втце-прьемер Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, 2019 жылғы шетел жұмысшыларына берілген квота 23 мың адамнан аспайды. Соның ішінде Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Қытай жұмысшыларының саны – 4300. Бұл деректі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі де растайды. Министрліктің мәліметінше, елде ресми түрде 4300 Қытай келген жұмысшылар бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.