10-09-19 | 17:00
Қазақстанда Қытаймен бірлескен қанша компания бар?.
Қазақстанда Қытаймен бірлескен қанша компания бар?

Ұлттық экономика министрлігінің дерегіне қарағанда, Қазақстанда Қытай капиталы бар 1083 компания жұмыс істейді екен. Ресей инвесторлары қаражат салған дәл осындай бірлескен компаниялардың саны – 6805. Яғни Қазақстанда Ресеймен бірлескен компаниялар саны анағұрлым көп. Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 38 ірі компанияларға тексеру жүргізіп, шетел жұмысшылары мен жергілікті жұмысшылар жалақысының айырмашлығы бар екені туралы 161 факт анықтаған. Шетелдік жұмысшылардың жалақысы жергілік жұмысшылардан әлдеқайда көп әрі еңбек жағдайлары да жақсы жасалғаны белгілі болған. Министрлік тағы 25 кәсіпорынға тексеріс жүргізуді бастаған көрінеді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.