11-09-19 | 10:19
Ана тілі үшін өзін өртеген азамат қайтыс болды (видео).
Ана тілі үшін өзін өртеген азамат қайтыс болды (видео)

Ресейдің Удмуртия аймағында мемлекеттің тіл саясатына қарсылығын білдіріп, өзін-өзі өртеген 79 жастағы белсенді Альберт Разин (суретте) қайтыс болды, – деп жазады Азаттық.

Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, денесін толық күйік шалған белсенді 10 қыркүйекте Ижевск қалалық ауруханасында көз жұмған.

Оқиға сол күні Ижевск аймақтық парламентінің сыртында болған. “Егер ертең ана тілім өлсе, онда бүгін өлуге даярмын”, “Менің Отаным бар ма?” деген жазуы бар плакат ұстаған белсенді парламент отырысы басталар алдында өз-өзіне от қойған. Айналада жүрген адамдар отты дер кезінде өшіріп, үлгере алмаған.

View this post on Instagram

⚡️В Удмуртии мужчина сжег себя у здания госсовета республики. В Ижевске сегодня, 10 сентября, около здания Государственного совета Удмуртии незадолго до начала сессии мужчина поджег себя. Об этом сообщает Izhlife со ссылкой на очевидцев. Рядом с ним обнаружены транспаранты, в которых он требовал спасти удмуртский этнос: "И если завтра мой язык исчезнет, то я готов сегодня умереть". По словам очевидцев, пострадавшим является Альберт Разин, заслуженный деятель Удмуртии. Прибывшие на место пожарные потушили огонь, а пострадавший до приезда врачей еще двигался. Сейчас он находится в больнице в критическом состоянии, ожогами поражено почти 100% тела. По факту самосожжения человека Следственное управление проводит проверку. Как сообщает "Деловой квадрат", сессия Госсовета перенесена. Заседание состоится 24 сентября. ВИДЕО 18+ #ижевск #удмуртия #удмурты #удмурт #роднойязык #видео18+

A post shared by Idel.Реалии (@idel.realii) on

Альберт Разин жергілікті биліктен удмурт тілін сақтап қалу үшін қажетті шара қолдануды талап еткен белсенділердің бірі болған. Ресейде удмурт тілінде 300 мыңнан астам адам сөйлейді. Ғалымдар жоғалып кету қаупі төнген тілдер арасында удмурт тілі барын да айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.