11-09-19 | 11:29
Әртіс әрі әнші Әлімжанов депутат болып, ант берді.
Әртіс әрі әнші Әлімжанов депутат болып, ант берді

Әртіс әрі әнші Нұрлан Әлімжанов мәжіліс депутаты атанып, ант берді. Ант қабылдау рәсімінде су жаңа депутат: “Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, конституция мен заңдарды қатаң сақтауға және өзіме жүктелген депутаттық міндетті абыроймен атқаруға ант етем”, – деп қызметіне кірісті.

Әртіс әрі әнші, композитор Нұрлан Әлімжанов қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, елбасы Н.Назарбаев туралы “Елбасы жолы” кинотуындыда басты роль – Назарбаевтың бейнесін сомдаған еді. Енді міне, “Нұр Отан” партиясының партиялық тізімі бойынша мәжіліс депутаты атанды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.