11-09-19 | 11:44
Мәжіліс төрағасы жаңа депутат Н. Әлімжановқа ескерту жасады.
Мәжіліс төрағасы жаңа депутат Н. Әлімжановқа ескерту жасады

Мәжілістің жалпы отырысын ашпас бұрын мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әнші, актер, ендігі депутат Нұрлан Әлімжанды мәжіліске келуімен құттықтап еді, бірақ жаңа депутат орнынан тұрып, алғыс білдірмей, отыра берді. Сосын Нығматулин оған ескерту жасады.

– «Нұрлан қайда? Мұндайда тұру керек. Ал біз енді саған қол шапалақтаймыз. Отыр!» – деді төраға.

Осыдан кейін су жаңа мәжіліс депутаты ант беріп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова оны өз қатарларына қосуға ұсыныс жасады. Бұл ұсынысты депутаттар бір ауыздан қолдады.

Еске салсақ Нұрлан Әлімжанов мәжілістің бірінші жалпы отырысынан қалып қойған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.