11-09-19 | 14:15
Тоқаев: Қытай компанияларымен жұмыс істеуге мүдделіміз.
Тоқаев: Қытай компанияларымен жұмыс істеуге мүдделіміз

Қытайға ресми сапары барысында президент Қ.Тоқаев Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-шы отырысына қатысып сөз сөйледі. Ол з сөзінде Қазақстан Қытай компанияларымен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін айтты.

– Біз қытай компанияларымен бірлескен инновациялық кәсіпорындар мен ІТ-орталықтар құруға мүдделіміз. Елордамыз Нұр-Сұлтанда «Астана Хаб» ІТ-стартаптарының халықаралық технопаркі ашылды. Мұнда Big DATA, интернет заттар, жасанды интеллект, бұлтты технологиялар және суперкомпьютерлер бағыттары бойынша әзірлемелер қарқынды дамуда. Бұл технопарктің жұмысына қатысушылар үшін жеңілдетілген визалық, еңбек және салық режимдері қарастырылған, – депті президент.

Бұдан өзге президент Қытайға бидай экспорты, екі ел арасындағы сауда-саттық, “Бір белдеу – бір жолы” бағдарламасы туралы да айтқан.

Соңғы кездері елде Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсылық жиіледі. Жаңаөзен және тағы басқа қалаларда Қытайдың Қазақстанда салынатын 55 зауытына, Қытай экспансиясына қарсы ациялар өтіп келеді. Президенттің Қытай компанияларымен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделіміз деген сөзін қоғам қалай қабылдайтыны әзір белгісіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.