Ауызсуға бөлінген 330 млн теңге желге ұшты.

9 қыркүйек, 2022 / Arasha.kz

Екібастұз қаласына қарасты Ақкөл ауылын таза сумен қамтуға жұмсалған 330 млн теңге желге ұшты.

Atameken Business-тің мәліметінше, елдімекенге екі жыл бұрын тартылған су құбыры қазір жарамсыз.

Тапсырыс беруші тарап мердігерді сотқа бергенімен жеңіліп қалған. Ал жауапты шенділер ауылға енді қашан су берілетінін нақты айта алмайды.