Қоғамдық штаб халық талабын үкімет комиссиясына жеткізбек.

3 қаңтар, 2022 / Arasha.kz

Маңғыстау облысында бір топ белсенді адам қоғамдық штаб құрылғанын мәлімдеді.

Видео мәлімдеге қарағанда, штаб халық талабын үкімет комиссиясына жеткізбек.

Ал Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңындағы адам саны 2 мыңға жеткені хабарланды. Алаңға «Қаламқас», «Қаражамбас» мұнайшылары келіп қосылғаны туралы хабар тарады.

Сондай-ақ президент Тоқаев Ақтауда үкімет комиссиясы жұмысын бастағанын хабарлады.