Назарбаев елордадағы мешіттің ашылуына қатысты.

11 тамыз, 2022 / Arasha.kz

Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылуына Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

«Бүгін ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасындағы басты мешіттің ашылуына қатысады»,-деп жазды оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Аталған мешіт Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болып есептеледі. Негізгі күмбезінің биіктігі – 90 метр, мұнаралары – 130 метр. Мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға арналған.