Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды.

7 тамыз, 2022 / Arasha.kz

Кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтіріп, елді дүрліктірген қаскөйлер ұсталды.

ҚазТАГ агенттігінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктілердің ұсталғанын растаған.

Айта кетсек, елді дүрліктірген сұмдық жағдай 6 тамызда болды. 7 тамыз таңертең полицейлер күдіктілердің аты-жөнімен суреттерін жариялап, іздеу салды. Қылмыскерлердің кәсіпкерді пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан бас сауғалағаны видеоға түсіп қалған болатын.