Пойыз бен автобус соғысуынан бір адам қаза болған — әкімшілік.

14 қыркүйек, 2019 / Arasha.kz

15 қыркүйекте кешкі 19.00 шамасында Алматы облысы Шамалған станциясында автобус пен пойыздың соғылғаны хабарланған еді.

Әуелде БАҚ-та екі адам қаза болғаны жарияланған. Іле Алматы облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі оқиға апаттан бір адам — автобус жүргізушісі қаза болғанын хабарлады. Апаттан 9 адам жарақат алғаны да айтылған, әзірге олардың жағдайы туралы мәлімет жоқ.