Ақтауда 2,5 миллион теңгеге салынған әткеншектер қирап жатыр.

27 желтоқсан, 2021 / Arasha.kz

Ақтауда 2,5 миллион теңгенің әткеншектерін белгісіз біреулер сындырып кетті.

«Сөз жоқ. Алаңда бейне бақылау камералары жұмыс істейді. Бұзақыларды тауып алу қиынға соқпас еді, алайда полицейлер әрекет етпей отыр», — деді жергілікті тұрғын Ғалия. 

Қалалық әкімдіктегілер Ынтымақ ауданындағы «Әткеншектер» шағын архитектуралық ескерткіштерінің әлі балансқа қабылданбағанын мәлімдеді. 

«Clover media group» ЖШС қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», — деді әкімдіктегілер. 

«Әткеншектер» шағын архитектуралық ескерткішінің құны – 2 553 441 теңге.