04-10-19 | 15:55
“Халықты кінәлаған біржақты жағымпаз уағызына қарсымын!”.
“Халықты кінәлаған біржақты жағымпаз уағызына қарсымын!”

“Асыл арна” телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабековтың кезекті уағызы әлі де қызу талқыланып жатыр. Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы да үнсіз қалмай, өз наразылығын жария етті.

“Өмірде мені талай адам ренжітті, сыртымнан өсек айтты. Неше адам сатқындық жасады, бетіме мақтап, арқамнан қанжар сұқты. Солардың бәрін “пенде ғой, қателесуге қақысы бар” – деп кешірдім. Тіпті аттарын атап, игі тілек тіледім. Ешкімге кек сақтамауға тырысамын. Бұл менің жеке басыма жасалған пендешілікке қатысты берік ұстанымым. Бірақ дінге, халыққа жасалған қиянатқа, әділетсіздікке үнсіз отыра алмаймын.
Мұхамеджан Тазабекпен бес берес, алты аласым жоқ. Бірақ дінді аргумент ретінде қолданып, полицейлерді халыққа қарсы қайрауына қарсымын. Халықтың көңілін діннен суытуына қарсымын. Халықты кінәлаған біржақты жағымпаз уағызына қарсымын. Осындай біржақты теріс уағыздар мемлекетке деген жанашырлық емес, керісінше қастандық. Мәселені одан әрі ушықтыру, халықты одан әрі ашындыру. Полицейлер, халық кешегі сөзінен не ұқты? Қағбада намаз оқып тұрған адамды тебуге болатын болса, көшеге шыққан адамды кемпір, шалына қарамай жаншып тастасаң да болады, тіпті сауапты іс екен деп түсінді. Міне мен осыған қарсымын! Дінді саясатқа қолжаулық еткеніне наразымын, – деп жазады Қ.Жолдыбайұлы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.