Билік ашаршылық құрбандарын еске алу үшін бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермеді.

14 мамыр, 2019 / Arasha.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі 31-мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу үшін бейбіт шеру  өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігі «Ақ жол» партиясының 31-мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу үшін «Алашқа тағзым» атты бейбіт шеру өткізу жөніндегі өтінішін қанағаттандырмай, шеруге рұқсат бермеген.

Ал 9-мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған адамдарды еске алуға арналған «Бессмертный полк» маршы өткен еді. Бұл марш жергілікті әкімшіліктер қолдауымен өткен және ІІМ марштың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.