Ақтөбеде 13 жасар бала мектепте қайтыс болды.

14 желтоқсан, 2023 / Arasha.kz

14 желтоқсан күні Ақтөбедегі мектептердің бірінде қайғылы жағдай болды. Жетінші сынып оқушысы қайтыс болды.

Қайғылы жағдайға қатысты Ақтөбе облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Ақтөбе қаласындағы №27 мектептің 13 жастағы оқушысы үзіліс кезінде сынып ішінде партаға соғылып құлап, соққыдан есінен танып қалған. Мектеп шұғыл жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға жеткізілді. Ауруханадан суық хабар алынды», — деді Білім басқармасы.

Қазіргі таңда құзырлы органдар тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.