Антикор «Қазгеология» басшылығына қатысты тергеуді бастады.

22 желтоқсан, 2022 / Arasha.kz

Антикор «Қазгеология» басшылығына қатысты тергеуді бастады.Тергеу лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша жүргізіледі.

«Мекеме басшылығы Жарғыны бұзып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден астам сомаға артық төледі деген күдікке ілінді», — делінген ресми ақпаратта.

Осылайша лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтқан. Іске қатысты тергеу жалғасып жатыр.