Қаңтар оқиғасы: Түймебаевтың ұлын атқан күдікті ұсталды.

28 қараша, 2022 / Arasha.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың қаңтар оқиғасында қаза болған ұлы Елнардың өліміне күдікті ұсталды, деп жазды Baq.kz.

Бас прокуратура растаған дерекке сәйкес, күдікті 21 қазанда қолға түскен.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне күдікті ұсталып, қамауға алынды», — делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетейік, биыл 11 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол 6 қаңтар күні сағат 18:35 шамасында комменданттық сағат басталғанға дейін автокөлікпен үйіне қарай қайтып келе жатқанн. Назарбаев көшесінің жоғарғы жағында Сәтпаев көшесіне жетер-жетпес жердегі қиылысқа аялдаған кезде, белгісіз біреулер оған кенеттен оқ жаудырған. Алған жарақатынан Елнар оқиға орнында көз жұмды.