«El Media» редакциясының шыны қабырғаларын сындырған күдіктілер ұсталды.

25 қараша, 2022 / Arasha.kz

Алматыда «El Media» редакциясы орналасқан ғимараттың кіреберіс шыны қабырғаларын сындырған екі күдікті ұсталды.

«Алматы қаласының полиция Департаменті, аталған заңсыз әрекетті жасады деген күдікпен екі адамның ұсталғанын хабарлайды: Алматы қаласының тұрғыны З.есімді азамат және Тараздық Г.есімді азамат. Екеуі де 18 жаста. Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланған», — делінген хабарламада.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.

Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады.