Қошанов Соловьев бағдарламасындағы мәлімдемеге қатысты не айтты?.

23 қараша, 2022 / Arasha.kz

23 қарашада мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ресейлік Владимир Соловьевтің ток-шоуындағы қонақтың «Ресей үшін келесі проблемаға Қазақстан айналады» деген сөзіне қатысты пікір білдірді.
Мәжіліс спикері ресейлік журналист Владимир Соловьевтің ток-шоуының үзіндісін әлі көрмегенін айтты.

«Егер ол жерде Қазақстанның мүддесі қозғалатын болса, әрине, депутаттар да әрекет етеді. Сыртқы істер министрлігі де соған сәйкес әрекет етеді деп ойлаймын. Бұған күмән болмауы керек», -деді ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.

Ресейлік «Владимир Соловьевпен кеш» ток-шоуы қонақтарының бірі Қазақстанды «Украинадан кейінгі мәселе» деп атады.

Мәжіліс сыртында бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтып, бұл сөздер Ресей билігінің тиісті реакциясына лайық деді.