Бірқатар кәсіпорын мемлекет меншігіне беріледі – Үкімет.

19 қараша, 2022 / Arasha.kz

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Премьер-Министр қабылданған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.