Талдықорған билігі құлаған Назарбаев ескерткішімен қоса оның атындағы көшеден де бас тартуға әзір.

17 қараша, 2022 / Arasha.kz

Жетісу облысының билігі бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшені ауыстыруға дайын, оған қоса оның құлаған ескерткішінің орнына Абай Құнанбайұлының мүсінін қоймақ.

Талдықорған тұрғыны Жетісу облысы әкімімен кездесу барысында ескерткішке қатысты өз ұсынысын айтты.

«Орталыққа Абайдың ескерткішін қоюыңызды сұраймын, ол жерде жастар үнемі ұлы ақынның әндерін айтып отырады. Екіншіден, Назарбаев көшесінің орнына бұрынғы Тәуелсіздік атауын қайтарсаңыз, бұл көпшіліктің тілегі», — деді қала тұрғыны.

Сонымен қатар ол қоғам қажет болса қол жинауға әзір екенін жеткізді.

«Егер Жетісу облысы тұрғындары көпшілігінің пікірі сондай болса, әрине біз оған құлақ асамыз», — деді облыс әкімі Исабаев.