Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар.

17 қараша, 2022 / Arasha.kz

Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар. «Отбасы банк» үй иелері жайлы тың ақпарат жариялады.

Жалпы 6 млн 300 мың қазақстандықтың баспанасы бар. Бұл туралы Отбасы банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Олардың 90 пайызында, яғни, 5,6 млн адамда бір пәтерден. 607 мың азаматта екі пәтерден бар.

Үш үйі барлар – 84 мыңнан асады. Төрт баспанасы бар қазақстандықтардың саны – 16 мың.

Бесеуден – 4800 адам, 6 пәтері барлар — 1900, 7 баспананың иелері 942 адам.

Ал 147 адамда 20-дан аса баспана тіркелген.