Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары бақытгүл Хаменова жеті жылға сотталып, сот залынан босатылды.
«Бақытгүл Қайыржанқызы Хаменова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында (пара алу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды», — деді судья шешімінде.
Дегенмен, әкімнің бұрынғы орынбасарының кәмелеттік жасқа толмаған баласы бары ескеріліп, темір торға қамау мерзімі үш жылға кейінге шегерілді, яғни жазасын кейін өтейді.
Судья сондай-ақ Бақытгүл Хаменованы «Құрмет» орденінен айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізуді айтты.