Еліміздің жеті өңірінде шаруаға тиесілі қаржыны қолды қылған шенділерге тінту жүріп жатыр.

1 қараша, 2021 / Arasha.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елімізде ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржынының қолды болғанын анықтады. Жеті өңірде арнайы операция жүрді.

Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тінту мен қамауға алу жүргізіліп жатыр.

«Барлығы ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыруға байланысты ұсталды», — деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Агенттік толығырақ қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Қазақстандық БАҚ-тың ақпараты бойынша, аталған қылмыс арқылы мемлекетке миллиардтаған шығын келген.