Қазақстандық оқушыларға қауіпті заттар ұстауға тыйым салынды.

17 мамыр, 2021 / Arasha.kz

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев оқушылардың мектепке алып келуіне тыйым салынған заттарды атады.

Қазақстандық полицейлер оқушылардың мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізіліміне қару-жарақ, пышақ, рогатка, кастеттер және соған ұқсас заттар кіреді.

«Сонымен қатар жарылғыш құрылғы имитаторын, аэрозольды бояуды, пиротехникалық заттарды және газ баллондарын алып келуге тыйым салынады», — деді Мұрат Баймұқашев.