«Тинькофф банк» Қазақстанға қызығушылық танытты.

19 наурыз, 2021 / Arasha.kz

Ресейлік жеке қаржы ұйымдарының бірі «Тинькофф банк» Қазақстан нарығына кіруі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz. Бұл туралы Forbes Russia жазды.

Алпауыт компания басшыларының пікірінше, Қазақстан инвестиция тұрғысынан қарағанда ТМД-дағы ең қызықты ел.

«Қазақстан – кішкентай, бірақ инвестиция үшін қызық нарық. Біз қазақстанға қалай инвестициялық безгнеспен кіру жағын ойластырып жатырмыз», — деді миллиардер Олег Тиньков.

2020 жылғы жағдай бойынша, «Тинькофф банк» – активтерінің көлемі бойынша Ресейдегі 6-шы (589 млрд рубль) және өзіндік капиталы бойынша 14-ші (127 млрд).

Ал Олег Тиньков – Ресейдің бай адамдары ішінде 62-ші қатарда тұр, 2020 жылғы ақпар бойынша оның байлығы $1,6 млрд.