Біртанов: Үшінші пациенттен коронавирус анықталды.

13 наурыз, 2020 / Arasha.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырған осымен үшінші адам тіркеліп отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«12 наурызда Миланнан Нұр-Сұлтанға келген бір азаматтан коронавирус анықталды деген ақпарат расталды. Ол әйел адам», — дейді Елжан Біртанов.

Бүгін министр екі  Қазақстан азаматының коронавирусқа шалдыққаны туралы айтқан еді.

Қазақстанда алғаш коронавирусқа шалдыққан адамдар анықталды