Ә. Исекешев президенттің көмекшісі және Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды.

16 қаңтар, 2020 / Arasha.kz

Әсет Исекешев ҚР президенті Қасым — Жомарт Тоқаевтың көмекшісі және Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы  болып тағайындалсын» деп жазылған президенттің жарлығында.