Ақтөбе облысында әкім суицид жасамақ болды

10 шілде, 2025 / Қайсар Қалам

Ақтөбе облысы Алға ауданында ауыл әкімдерінің бірі — 47 жастағы азамат өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл оқиға 7 шілдеде болғанын аудан әкімдігі хабарлады.

Аудан әкімі Асләмбек Шүйіншалиевтің айтуынша, шенеунік жұбайының жедел әрекет етуінің арқасында аман алып қалған. Ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген, жағдайы ауыр болғанымен, қазіргі таңда тұрақталған. Ол аудандық аурухананың жалпы палата бөлімінде жатыр.

«Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді», — деп хабарлады полиция қызметі.
 

Тэгтер:

полиция суицид Ақтөбе әкім